Президент «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығымен құттықтады
Президент «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл
толуына орай видеоүндеу жолдады. Онда Мемлекет басшысы тарихы 1957 жылдан
басталатын ғарыш айлағының ғылым мен өркениет прогрессіндегі рөлін атап өтті. «Мұнда
көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Біз әлемдегі ең
ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз», - деді
Қасым-Жомарт Тоқаев. Космосқа халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров,
Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов те осы арадан аттанды. Қазір еліміз
халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі саналады. Сондай-ақ Президент «Байқоңыр»
айлағы – Қазақстан мен Ресейдің достыққа, тату көршілікке және өзара
түсіністікке негізделген ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігінің жарқын
көрінісі деп атап өтті. Байқоңыр алдағы уақытта да ұлы жаңалықтар мен озық
инновациялардың қайнар көзі бола береді деп сенемін, - деді Қасым-Жомарт
Тоқаев.

