Түркі мемлекеттері ұйымының экономикалық әлеуеті

Экономикалық байланыстар мен мәдени диалог. Сарапшылардың пікірінше, түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы мемлекеттер және оның бақылаушы елдерінің өзара іс-қимылы осы бағыттарға бағдарланады. Айтуларынша бұл уақыт талабы. Жаһандық деңгейдегі сын-тегеуіріндер мен әлемдегі аса күрделі геосаяси жағдайлар түркі әлемінің интеграциясына жол ашады. Баршаға ортақ мәселелердің түйінін тарқату қамында бірлескен жобалар қажет. Әсіресе елдер сауда, энергетика, қауіпсіздік, логистика және транзит сынды стратегиялық бағыттарда күш біріктіргені абзал дейді, сарапшылар.

Дина Айкенова, саясаттанушы:
- Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасындағы тауар айналым соңғы жылдары шамамен 20%  өсті. Бұл пандемиядан кейін түркі әлемі экономикалық ынтымақтастықты жандандырып, жаңа көлік дәліздерін іске қосып жатқанын білдіреді. Қазіргі таңда Түркі мемлекеттері ұйымы өзара ынтымақтастық аясын кеңейтуге басымдық беріп келеді. Бүгінде әріптестік әлеуеті әлдеқайда артқанын көріп отырмыз. Бұған Түркия сынды негізгі ойыншылардың белсенділігі оң әсер еткені анық.  Алдағы жылы Ұйымға төрағалық ету Қазақстан өткен кезде де тың өзгерістер орын алатыны хақ.