Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді

Қазақстан келесі жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді. Соның аясында қандай жұмыстар атқарылады, қандай мәселелерге басымдық беріледі? Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев одақтың комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевпен талқылады. Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі дамуы жайында әңгімелесті.  Айта кетейік, 21 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді.