Екі жұмысты қатар істеуге тыйым салынбайды
Қазақстандықтарға екі жұмыста қатар істеуге рұқсат. Бірақ
оған белгілі бір талаптар қойылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің мәліметінше, негізгі жұмыс уақыты 8 сағаттан, қосымшасы 4
сағаттан аспауы тиіс. Яғни күніне 12 сағат қана жұмыс істеуі керек. Бірақ 18 жасқа
толмағандар, қауіпті жағдайда еңбек ететіндер және мемлекеттік қызметшілерге
мұндай мүмкіндік берілмейді. Министрлік азаматтардың бірнеше жерде толық
ставкада жұмыс істеуіне де рұқсат жоқ ,-деді.

