Қазақстан-Хорватия: Сауда-инвестициялық келісімдер жасалды
Бүгін Қазақстан мен Хорватия бизнес қауымдастығы
кездесіп, сауда мен инвестициялық байланыс бойынша бірқатар келісімге қол
қойды. Ал, Президент бірлескен кәсіпкерлер форумы аясында Қазақстанға келген осы
елдің Сыртқы және Еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады. Әрі
екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами
беретініне өз сенімін білдірді. Бүгінде Қазақстанда Хорватияның үлесі бар
30-дан астам компания жұмыс істеп жатыр. Қатарында Pliva және Podravka секілді
ірі брендтер де бар. Енді ресми Загреб бизнес өкілдері энергетика,
инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібіне де келуге ниет білдіріп
отыр.

