Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті
Алқалы жиыннан кейін Мемлекет басшысы Түрікменстан
Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп, теңізге шығар жолы жоқ дамушы
елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін
алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің
жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер
әзірлейтін маңызды алаң деп атады. Кездесу барысында сауда-экономика,
энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестікті нығайту мәселелері
талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты
дамытуға бейіл екенін тағы да растады.

