Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді «Барыс» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді «Барыс» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Президент бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің Ұлттық олимпиада комитетіндегі қызметіне де жоғары баға берді. Ал, World Boxing халықаралық федерациясының президенті ретінде көптеген мәселенің шешімін табуы қажет екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:


- Бүгінде спорттық мансабыңыздағы жаңа кезеңге аяқ бастыңыз. World Boxing федерациясының президенті болып сайландыңыз. Жұмыс енді ғана басталды. Алдыңызда атқаратын қыруар шаруа тұр. Сондай-ақ, Сіздің жаһандық деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандық екеніңізді айта кету керек. Кәсіби біліктілігіңіз ұйымды жаңа белеске көтеріп, бокс көкжиегін кеңейтетініне сенімдімін.


Президент отандық спортты дамытуға сіңірген елеулі еңбегі үшін Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ал даңқты боксшы еңбегін жоғары бағалағаны, сенім артып, қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.


 

Геннадий Головкин World Boxing Халықаралық федерациясының президенті, қр ұок президенті:

- Бірінші кезекте сенім артып, қолдау көрсеткеніңіз үшін қазақстандықтардың атынан және қазақстандық спортшылардың атынан алғыс айтқым келеді. Сіз боксты дамыту, оны ұлттық спортымызға айналдыру жөнінде тапсырма бердіңіз. Енді бұл ұлттық спорт қана емес, халықаралық спорт екенін көрсететін уақыт келді