Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшысы қатысады

12-13 қазан күндері Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өтеді. Жиынға 11 мемлекет басшысы қатысады деп жоспарлануда. Сондай-ақ бақылаушы мемлекеттердің бірінші басшылары шақырылған. ҚР Сыртқы істер министрлігінің дерегі бойынша елордаға барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп жоспарлануда. Ұйымды шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырыған жоғары деңгейдегі шара Қазақстанның төрағалығымен өтпек. Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп күтілуде. Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдерді қабылдау жоспарланған.

Айта кетейік, кеңесті шақыру жөніндегі бастама 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында Қазақстан тарапынан ұсынған болатын.