Парламент кибербуллинг туралы заңды қабылдады

Парламент кибербуллинг туралы заңды қабылдады

Елімізде тыйым салынған ақпараттың тарауына жол берген  интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға уәкілетті органның құзіреті болмайды. Тек балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға құқылы. Оны айқындауды да мемлекеттік орган емес, енді арнайы құрылған сарапшылар тобы шешеді. Мәжіліс депуттаттары кибербуллинг туралы заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қолдап құжатты мақұлдады. Айта кетейік, бұл заң қоғаммен белсенді талқыланды. Балаларды қорғау жөнінде түскен түрлі ұсыныстар мен пайымдар барынша ескерілген құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов