Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы: Владимир Путин пікірі

Ресей-Қазақстан қарым-қатынасы: Владимир Путин пікірі

«Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуда ешқандай қиындық жоқ». Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында әлемдік жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуде осылай деді. Ресей президентінің айтуынша, екі ел арасында ерекше қарым-қатынас бар. Айта кетейік, жиынға  Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені директорының орынбасары Асқар Жалдинов та қатысты. Ол Владимир Путинге жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға қатысты сұрақ қойды. Ресей президенті энергетика саласы екіжақты ынтымақтастықтың әрдайым басты бағыты болғанын атап өтті.