Президент Жапонияға барады
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен,
сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «Орталық Азия
– Жапония» саммитіне қатысады. Бұған дейінгі C5+ форматындағы жиын қараша
айында Вашингтонда өтті. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үй жетекшісі Дональд
Трамппен кездескен болатын.

