Биыл 232 мыңнан астам тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Биыл 232 мыңнан астам тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Жыл басынан бері елде 143 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал 232 мыңнан астам тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова президенттің қабылдауында айтты. Сала басшысы биыл атқарылған жұмыс жөнінде есеп берді. Атап айтқанда, өндірістік жарақат алу көрсеткіші бірінші тоқсанда 17 пайызға төмендеді, ал өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды. Светлана Жақыпова Жобалардың инновациялық навигаторын енгізу жөнінде айтты. Бұл мемлекеттік инвестицияның тиімділігін арттыру және жұмыс орындарын сапалы түрде жоспарлау үшін әзірленді. Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіруге, атаулы көмектің тиімділігін арттыруға, жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.