Президент Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнайы мәртебе беру
туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім жаңа қаланың іскерлік және инновациялық
орталық ретінде дамуына жол ашады. Alatau City – еліміздегі толық цифрланған
алғашқы қала болмақ. Мұнда Smart City технологиялары енгізіліп, қаржылық әрі
институционалдық жаңа модель іске асады. Жобаға халықаралық компаниялар
тартылып, инфрақұрылым жұмыстары басталып кеткен.

