Салық кодексі - салғырт қарайтын құжат емес
Салық кодексін сенат екінші оқылымда қарап, мәжіліске кері қайтарды. Өйткені ел арасында қызу талқыланған құжатқа тағы біраз өзгертулер енгізу қажет. Әсіресе заңның жекелеген баптарына қатысты кем-кетік өте көп дейді сенаторлар. Негізі Салық кодексі экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшуді көздейді. Әрі, салық есептілігі нысандарын 30%-ға қысқарта отырып, бақылауды толық цифрландыруға бағытталған.

