Қазақстанда АЭХА сарапшыларының миссиясы жұмысын бастады

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, ұйымның миссиясы кең ауқымды мәселелерді қамтуды, соның ішінде еліміздің атом энергетикасы инфрақұрылымын дамыту туралы кешенді есепті жетілдіруге көмектесуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар бірінші атом электр станциясының құрылысы мәселесі де қаралады. Ведомствоның атап өтуінше, халықаралық сарапшылармен бірлесе дайындалатын құжат ядролық-энергетикалық бағдарламаны жүзеге асыруға дайындықты айқындайтын және оны іс жүзінде іске асырудың негіздемесі мен стратегиясын қамтитын бірінші кезеңнің талабы. Халықаралық агенттік сарапшыларының миссиясы 3 наурызға дейін жалғасады.