Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қос Президент Қазақстан мен Ресейдің екіжақты байланыстарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады. Сауда-экономикалық, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салалары бойынша бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығайып келе жатқанына да мән берілді. Әңгімелесуде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.