Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді

Бүгін Ақордада Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Протоколға сәйкес, құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони келіссөз жүргізді. Бұл сапар – екіжақты ынтымақтастықтың айтулы оқиғасы деді Президент. Италия Қазақстанның әлемдегі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді және Еуропадағы ірі әріптес. Осы жолғы сапар қос ел арасындағы көпқырлы ықпалдастықты дамытуға тың серпін бермек. Өз кезегінде Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы Қазақстанды – көптеген сала бойынша маңызды әріптес санайтынын жеткізді. Айта кетейік, қазір елде 270-ке жуық италиялық компания жұмыс істейді.