Президент Токио губернаторымен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары жалғасуда. Президент Токио губернаторымен кездесті. Юрико Коикэ қазақ басшысын «Қош келдіңіз!» деп қазақ тілінде амандасып қарсы алған. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен губернатор цифрландыру, Smart City технологиялары және 14 млн-нан астам халқы бар шаһарды басқару ісіндегі инновациялық шешімдер туралы талқылады. Сондай-ақ экологиялық таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру мәселелерінде пікір алмасты. Өйткені Токио әлемдегі ең ақылды қалалардың бірі саналады. Бұл жағынан үлкен тәжірибесі бар.
Сондай-ақ, Токио
губернаторы мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстан мен Жапония
астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұдан
кейін Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап
көрді. Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың
негізгі жүйесі саналады. Осы жерде мониторинг жүргізіліп, жер сілкінісі,
тайфун, су тасқыны кезінде ақпараттық талдау жасалады. Токио сейсмикалық
белсенді аймақта саналады. Сондықтан мұнда жер сілкінісіне дайындық өте жоғары
деңгейде қалыптасқан.

