Сирек жер металдары: 2 млн шаршы шақырым аумақ зерттеліп жатыр

Сирек жер металдары: 2 млн шаршы шақырым аумақ зерттеліп жатыр

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектенов сирек және сирек жер металдар саласын дамыту бойынша кеңес өткізді. Қазақстанның металлургия құрылымында мұндай металдарды өндіру 2,4%-ды құрайды. Ал, саланы қаржыландыру 2018 жылдан бері 67 млрд теңгеге жеткен. Бүгінде 2 млн 38 мың шаршы шақырым аумақ зерттелуде. Келер жылы бұл 2,2 млн шаршы шақырымға дейін ұлғаяды. Осы бағыттағы ілкімді істер легін ілгерілету үшін кешенді жұмыс жоспары қабылданған. Оның аясында «ЖезқазғанРедМет» ұйымын жаңғыртуға қаражат бөлінді. Үкімет басшысы жиын соңында жауаптыларға бірқатар міндеттер жүктеді. Қазір әлемдегі сирек жер металдары болашақ «мұнайға» бағалануда. Қазір Қытай сирек жер металы бойынша бірінші орында. Қоры да, өндірісі де көп.