Инфляцияны төмендетіп, халық табысын арттыру шаралары қабылдануы тиіс
Халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшу керек.
Бүгін Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын
өткізіп, экономикалық секторға жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Кеңесте
макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және
инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы
орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі
керек екенін ескертіп отыр. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов пен
министрлер кабинетінің экономика-қаржы бөлігіне жауапты министрлер, Президент
Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы және агенттік жетекшілері
қатысты.

