4 млрд долларлық келісім: Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
АҚШ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты табысты келіссөз жүргізуімен құттықтады. Екі президент телефон арқылы сөйлескен. Оны Дональд Трамп Х әлеуметтік желісінде жариялап, арнайы жазба қалдырған. Онда: «Мен Қазақстан Республикасының аса құрметті Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен тамаша әңгімені жаңа ғана аяқтадым. Олар теміржол жабдықтарын сатып алу бойынша тарихтағы ең ірі келісімге - 4 миллиард АҚШ долларына америкалық локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып алу туралы уағдаласты. Біз АҚШ-тағы теміржол саласын қолдауымыз қажет, өйткені ол көптеген жыл бойы «жалған экологтардың» шабуылына ұшырап келеді», - деп жазылған. Сондай-ақ, президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

