Мемлекеттік дерекқор бұзылған жоқ
«Мемлекеттік дерекқор бұзылған жоқ». Кешелі бері қызу
талқыланып жатқан деректердің қолды болуына қатысты бүгін Цифрлық даму министрі
осылай деді. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, желіде тараған деректердің арасында
жаңа мәліметтер жоқ. Олар бұған дейін де қолжетімді болып келген көрінеді. Кеше
елімізде 16 миллионнан астам азаматтың жеке деректері интернетте тарап
кеткендігін айтқанбыз. Қолды болған ақпараттың ішінде адамның аты-жөні, телефон
нөмірлері, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және өзге де жеке мәліметтер бар. Қазір
Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы мен Цифрлық даму министрлігі
бірлесіп тексеріс жүргізуде.

