ADSW 2025: Болашақпен байланыс

ADSW 2025: Болашақпен байланыс

Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Абу-Даби орнықты даму апталығының саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлем - климаттың өзгеруі, қуаңшылық, азық-түлік пен су тапшылығы сияқты проблемалармен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Геосаяси шиеленіс жағдайды одан сайын ушықтыра түскеніне де тоқталды. Президент Қазақстан бұл түйткілдерді қалай шешуге ұмтылатынын да мәлім етті.