Қазақстан Үкіметі 2024 жылы 18 заң жобасын әзірлейді

Қазақстан Үкіметі 2024 жылы 18 заң жобасын әзірлейді

2023 жылы Қазақстан Үкіметі 32 заң жобасын әзірледі. Жалпы биыл қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, экономика, бюджет, медиа және әлеуметтік саладағы заңнамалық бастамалар іске асты. Яғни, 5 заң жобасына Президент қол қойды. 20-сы Парламенттің қарауында болса, өзгелері мемлекеттік органдарда келісу сатысында. Ал келер жылдың жоспары 18 құжатты әзірлеуді көздейді. Оның ішінде жаңа цифрлық кодекс пен инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру бойынша заң жобалары бар. Премьер-Министр бұл құжаттардың қабылдануы IT-саланы дамыту, әлеуетті стартаптарды ұлғайтуға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
- Білім және ғылым саласын дамыту, сондай-ақ, университеттерде орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы капитал қоры туралы заң жобасы әзірленеді. Құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа заң жобасы мен кәсіби әдептілікті тексеру институты енгізіледі. Осылайша мемлекеттік реттеудің өзекті міндеттерін шешуге қажетті заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда.