Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгіме барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері де қаралды. Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.