Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан
сайланған Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд
Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгіме барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға
өзара ниетті екенін растады. Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық
және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін
талқылады. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті
мәселелер жөнінде пікір алмасты.

