Құрылтай сайлауына дайындық басталды
Қоғамдық диалог саяси
реформалардың басты тетігі. Құрылтай сайлауын талқылауға жиналған сарапшылар
осылай дейді. Эксперттік алаңды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты
ұйымдастырған. Оған заңгерлер, саясаттанушылар, экономистер мен азаматтық
сектор өкілдері қатысты. Бұл сайлау алды сараптаманың алғашқы отырысы. Кіріспе
тақырып Құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы байланысы туралы болды.
Сондай-ақ, азаматтардың саяси процестерге қатысуын арттыру мәселесі көтерілді.

