Қазақстан гуманитарлық көмектің тағы бір легін Ауғанстанға жіберді

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмектің кезекті легін жіберді. Еске сала кетсек, бірінші кезекте, шатырлар мен дәрі-дәрмектер Ұлттық Ұлан ұшағымен жөнелтілген еді. Бұл жолы гуманитарлық көмекті темір жолмен жіберді. 27 вагонмен төсек-орын, көрпе-жастық пен киім-кешек жөнелтілді. Сонымен қатар, азық-түліктен – ұн, май және консервілік өнімдер бар. Естеріңізге сала кетсек, Ауғанстанның Герат провинциясында 7-і қазанда жойқын жер сілкінісі болған еді. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауған халқына, көңіл айта отыра гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған еді.