Қ.Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

Қ.Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді

2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64% осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған. «Қазатомөнеркәсіптің» өткен жылғы қызметінің нәтижелері, сондай-ақ компанияның қысқамерзімді және ортамерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары туралы президентке басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов айтып берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа компаниялар тобының іске асырылып жатқан инвестициялық және әлеуметтік маңызы бар жобалары туралы мәлімет берілді.

 

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша, уран өндірісінің көлемі 21 мың тоннадан асты. Ал, «Қазатомөнеркәсіп» тобының сату көлемі 18 мың тоннадан асты.  Одан басқа, мемлекет басшысының «Қазатомөнеркәсіп» минералдық шикіза базасын ұлғайтудағы атқарылып жатқан жұмыстарды және алдымызға қойылған жоспарлар туралы мәлімет бердім. Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.