Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары

Ресей Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары

Қазақстан мен Ресей арасында пилотсыз жүк көліктері пайда болады. Тәуелсіздік сарайында жүздескен Мемлекет басшылары цифрлық логистиканы дамыту жолдарын талқылады. Алдымен шағын, іле кеңейтілген құрамда жиын өткізіп, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және өндіріс, энергетика, агроөнеркәсіп кешені салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын ақылдасты.


Владимир Путин мінген көлік Тәуелсіздік сарайының алдына келіп тоқтады. Қос Президент қол алысқан соң, Әуе қорғанысы күштерінің әскери ұшақтары Ресей туын бейнелейтін ақ, көк және қызыл түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Іле, салтанатты қарсы алу рәсімі екі елдің үкімет мүшелерін таныстырудан басталды. Әнұран шырқалып, мемлекет басшылары құрмет қарауылының алдынан жүріп өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізуге кірісті.