Президент Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлы
жеңіс күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы мерейлі күнде әрбір азамат жеңімпаз
аға буынға шексіз ризашылығын білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ, тылда тынымсыз
тер төгіп, жеңісті жақындатқандарға да мәңгілік тағзым етеміз. «Біз
отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз.
Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым
ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз», - деді Президент
құттықтауында. Елімізде бес жүзге жуық көше ержүрек ерлердің атымен аталмақ.

