Қасым-Жомарт Тоқаев: Мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық

«Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық».

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөздері. Президент сынақ кезінде ақпараттардың уақтылы, ашық түрде беріліп отырғанын мәлімдеді.

«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.

Мен қашан да бәрін ашық айтып жүрмін. Індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырдым. Кешегі қатерлі күндерде Мемлекет басшысы ретінде халыққа арнап бірнеше үндеу жасадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.