Қазақстан мен Италия байланысы Орталық Азия мен Еуропа үшін маңызға ие

Қазақстан мен Италияның қарым-қатынасын дамыту тұтас Орталық Азия мен Еуропа үшін маңызы зор. Қазір қос құрлықты бағзы заманнан байланыстырған Ұлы Жібек жолының тармақтары қайта жаңғыртылып жатыр. Бұған Қазақстан Президентінің жақындағы Италияға сапары дәлел,- дейді экономист Сапарбай Жобаев. Сарапшының пікірінше, тау-кен және энергетика салалары тараптар үшін ынтымақ негізі. Еліміз пайдалы қазбаларға бай және оны Кәрі Құрлыққа жеткізуге әзір. Ал Италия елі біздегі шикізатты өңдеуге және баламалы қуат көздерін дамытуға инвестиция құюға ниетті. Мәселен сапар аясындағы ресми кездесулерде екі жақты қол қойылған келісімдердің дені қаржы, инвестиция және энергетика салаларына бағытталған. Мақсат – өзара сауда көлемін 20 млрд долларға жеткізу.  Тек экономикалық салада ғана емес, мәдениет, туризм және басқа да ынтымақтастықты дамытуға серпін берілмек. Сондай-ақ елдеріміз өз өңірлерінің әлеуетін арттыру қамында «Орталық Азия + Италия» форматында келелі жиындар өткізуге бастамашы болып отыр.

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Экономикалық дамуды бірқалыпты ұстап тұру, оны дамыту мәселесінде Орталық Азиялық республикалардың орталық жолының маңызы артты. Бұл – Халықаралық Транскаспий халықаралық бағыты. Сондықтан Италия осы жағынан тек өзінің ғана емес бүкіл Еуропаның мүддесі үшін Орта Азияның энергетикасына жету мақсатын шешпекші. Әрине біз бұдан тек энергетикалық ресурстар емес қалған салаларда да бірге жұмыс істеп пайдалануымыз керек. Ең алдымен бізге олардан өңдеуші салаларға инвестиция тарту қажет.