Ресей Президенті Владимир Путин Астанаға келді

Ресей Президенті Владимир Путин мінген ұшақ бүгін таңертең Астана әуежайына қонды. Көрші елдің көшбасшысын Премьер-Министр Олжас Бектенов қарсы алды. Владимир Путин Елордаға ертең өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін келген.

Айта кетейік, Шанхай бестігіне 2001 жылы Өзбекстан қосылып, ұйым боп құрылған. Қазір бұл ұйымға 9 мемлекет мүше. Ертең Астана Саммитінде ұйымға 10-шы мүше ел ретінде Беларусь кіреді деген болжам бар.