Қазақстанда жаңа қала пайда болады

Қазақстанда жаңа қала пайда болады

Қазақстанда жаңа қала пайда болады. Ол Алматы облысында орналасқан Жетіген аулының орнында құрылмақ. Жаңа шаһарға Алатау аты беріледі. Президенттің тиісті жарлығы 29 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Ал, үкіметке барлық жұмысты атқару тапсырылды. Айта кетсек, Жетіген елді-мекені Алматы қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан. Соғы мәліметтер бойынша, онда 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылға жақын жерде аэродром бар. Бүгінде Алматы облысы қарқынды дамып келеді. Биыл өңірде жаңа темір жол желісінің құрылысы басталды. Ол елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыру үшін жасалынып жатыр. Арнайы экономикалық аймақ та құрылды. Оның аясында 2048 жылға дейін 3,7 трлн теңге инвестиция тартып, 17 трлн теңгенің тауарын өндіріп, қызмет көрсету жоспарлануда.