Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина төңірегіндегі ахуал бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесу Украина тарапының бастамасымен өтті. Қазақстан Президенті Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты. Қос тарап басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.