Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік
реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жиында болашақ бір
палаталы Парламентті қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Атап
айтқанда, Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ азаматтардың е-Otinish
және E-gov платформалары арқылы келіп түскен бастамалары қаралды. Отырыста жаңа
Парламент депутаттарына қойылатын біліктілік талаптары, оларды сайлау тәртібі,
саны мен сапалық құрамы, өкілеттілік мерзімі және квотаға қатысты тәсілдер
сараланды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- 15 қарашаға дейін белгіленген мерзім ішінде жұмыс тобының мүшелері және 6
партия атынан Парламенттік реформа мәселесі бойынша арнайы ұсыныстар келіп
түсті. Біз келіп түскен бүкіл ұсыныстарды 3 топқа бөлдік. Бұл біріншіден -
саяси партиялардың ұсыныстарын бөлек шығардық. Жұмыс тобынан келіп түскен
ұсыныстарды бөлек жинақтадық және е-Otinish және E-gov платформасы арқылы
келген басқа да азаматтардың, жекелеген қоғам қайраткерлерінің атынан келіп
түскен ұсыныстарды бөлек жинақтадық. Мемлекет басшысы жұмыс тобы аясында
жинақталған бастамаларды жан-жақты қарастыруды және Парламенттік жүйені
жаңғыртуға қатысты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмыс тобының басты міндеті.

