Астана мен Ашхабад арасында оң динамика көп
Президент «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысуға
келген Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, екі елдің мемлекетаралық көпқырлы
қарым-қатынастарын одан әрі ілгерілету тұрғысында сөйлесті. Экономикадан бөлек
түркімен ағайынымен мәдени-гуманитарлық бағытта да ықпалдастықты дамытып келеміз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың
айтуынша, қазір Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастық өркендеп, көптеген
негізгі салаларда оң динамика бар. Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа
қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты.

