400-ден астам блогер салық төлемеген
Табысын жасырған тағы 438 блогерге тықыр таянды. Енді
олардың кірісі тексеріледі. Бұл туралы бүгі Қаржы министрі мәлімдеді. Мәди
Такиевтің айтуынша, 854 блогерге 72 млрд теңге табыс салығын төлеу жөнінде
хабарлама жіберілген. Оның 394-і 12 млрд теңге салық төлеген. Енді блогерлер
2026 жылғы 31-ші наурызға дейін декларация тапсыруы тиіс. Айта кетейік, бұған
дейін 360-қа жуық блогер өз еркімен 10 жарым млрд теңге табыс тапқанын растаған
еді.

