Д.Розенблюм: АҚШ Қазақстанның маңызды шикізат қорына қызығушылық танытып отыр

Жақында Қазақстанда маңызды шикізатты өндіру және өңдеу бойынша жаңа жобалар пайда болуы мүмкін. Америкалық компаниялар елімізде геологиялық барлау жұмыстарын кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының елшісі Астанада журналистермен кездесуінде мәлімдеді. Дэниэл Розенблюм мұндай мүмкіндік АҚШ Президенті мен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Нью-Йоркте өткен С5+1 форматындағы диалог барысында туғанын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы құрама штаттардың дипломатиялық миссия басшысы Вашингтон Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның тұрақты даму мақсаттары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық орталығын құру туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті.

Дэниэл Розенблюм, Қазақстандағы АҚШ елшісі:
- Қазақстан Үкіметінің ұсынысы бойынша Алматыда орналасатын өңірлік хабтың қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталмақ. Тұрақты даму мақсаттары бұл бәріміз бірге бірлесе жұмыс істеуіміз керек маңызды стратегия деп санаймыз. Сондықтан бұл сіздің аймағыңызда жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізудің тамаша мүмкіндігі.