Ерлан Қошанов: Министрліктер мәселені хатпен шешуді әдетке айналдырған
Парламенттің үшінші сессиясында депутаттар мемлекеттік
органдарға 625 сауал жолдаған. Алайда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оларға
берілген жауаптардың мазмұны мен сапасына көңіл тола бермейтінін айтты. Бұл
тағы да жаңа сұрақтар туындатады. Бұл жағдай кейде депутаттарды мемлекеттік
органға қайта жүгінуге мәжбүрлейді. Десе де жақсы үлгілер де бар. Мысалы, ауыл
халқының табысын арттыруда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, ауыл
әкімдерін оқытуда және азаматтардың шамадан тыс қарыз алу проблемаларын шешуде
Үкіметпен ортақ жұмыстар атқарылған. Осы сессияда Парламент депутаттары 500-ден
аса елді мекенге барып, азаматтармен 1 200 кездесу өткізген.

