ҚР СІМ: Еуропада Жаңа Қазақстанды құруға қолдау көрсетуге дайын

ҚР СІМ: Еуропада Жаңа Қазақстанды құруға қолдау көрсетуге дайын

Еуропалық одақ елдері Жаңа Қазақстанды құруға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде Еуроодақ өкілдері мәлімдеді.

Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің басшысы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Оның ішінде инвестициялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бар. Министр еуропалық тарапты демократиялық реформалардың негізгі тәсілдері туралы хабардар етті. Ал Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы өз кезегінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өте маңызды серіктес екенін және Одақ елдің одан әрі дамуына, әсіресе саяси реформаларға қолдау көрсетуге ниетті екенін атап өтті.