Жылыту маусымына дайындық үкіметтің бақылауында

Жылыту маусымына дайындық үкіметтің бақылауында

Өңірлердегі жылыту маусымына дайындық жұмыстары Үкіметтің жіті бақылауында. Қазір арнайы жұмыс тобы энергетикалық инфрақұрылымы әбден тозған және апат қаупі жоғары аймақтарды тексеруде. Олжас Бектеновтың тапсырмасы бойынша Абай және Маңғыстау облыстарында ревизия жүргізілген. Әзірге Семейдегі қазандықтар жылыту маусымына орташа есеппен 86% дайын. 12 нысанда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Облыста 23 энергия көзі мен 26 шақырым жылу желілерінде жөндеу жасалды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 3%-ға төмендеген. Ал, Маңғыстау облысында «МАЭК» энергия кешенін жаңғыртуға қатысты жүйелі мәселелер назарда. Жергілікті билік «жұмыстар кестеге сай жүріп жатыр, кешігу жоқ» деп сендіруде. № 2 ЖЭС энергия блогы толықтай жөнделді. Еске салайық, «МАЭК» реконструкциясына Үкімет резервінен де қаражат бөлінген.