Елордаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келді

Елордаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келді

Мемлекет басшысы осы Астана халықаралық форумына арнайы келген мәртебелі меймандармен бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі комиссиясының президенті Бруно Фукспен, сондай-ақ бірқатар компанияның жетекшілерімен кездесті. Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Ал, Лоран Сен-Мартен Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келгенін, әртүрлі саланы қамтитын ұжымдар елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. Кездесуде энергетика, атом өнеркәсібі, денсаулық сақтау, фармацевтика, су ресурстарын басқару және басқа да салаларда өзара ықпалдастықты дамыту мәселелері талқыланды.