ЖСДП құрылтай сайлауына қатысатын 33 кандидатты бекітті

ЖСДП құрылтай сайлауына қатысатын 33 кандидатты бекітті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауалды бағдарламасын бекітті. Бүгін ұйымның XXV кезектен тыс съезінде делегаттар құжатты бірауыздан қолдады. Бағдарлама 4 бөлім, 20 тармақтан тұрады. Партия білім және ғылымды дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, зейнет жасын төмендетуге, азаматтарды баспанамен қамтуға, сот жүйесін жүйелеуге басымдық бермек. Сонымен қатар, саяси ұйым Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізімін де бекітті. Кандидаттар саны - 33. Партия төрағасы Асхат Рақымжановтың айтуынша, үміткерлер қатарына қоғамның сұранысын жақсы білетін азаматтар енген. Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Науқанға 7 партия қатысады.