Сенат Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% балаларға аударуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенат Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50% балаларға аударуға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысын балаларға аударуға қатысты заңға бірқатар өзгеріс еңгізді.  Осыған байланысты жоғары палата құжатты 10 түзетумен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылдады. Еске салайық, заңның негізгі мақсаты балаларға өздерінің арнайы шоттарына аударылатын қаржылай жинақ арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Жиналған қаражатқа тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе жинақтау арқылы білім алуға мүмкіндік беріледі.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-
Ұлттық табысты әділ бөлуге бағытталған бұл бастама – Әділетті Қазақстан құру жолындағы нақты қадамдардың бірі. Сенат енгізген түзетулер құжаттағы жекелеген ережелерді одан әрі жетілдіруді көздейді. Алдағы уақытта осы заң өскелең ұрпақты қолдау бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.