Президент ICAO басшысын қабылдады

Президент ICAO басшысын қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның өңірде тәуелсіз Авиация әкімшілігін құрған алғашқы ел екені атап өтілді. Өткен жылдан бері Монреаль қаласында Қазақстан Республикасының ICAO жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңсесі жұмыс істей бастады. Бүгінде Қазақстан әлемнің 30-дан астам елімен тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Нью-Йорк, Токио және Сингапур қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр. Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті Қазақстан азаматтық авиация қызметі жақсы бағасын берді. Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі үшін Сальваторе Шаккитаноны I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.