Қазақстандықтар президент сайлауы өтетін күні шетелде дауыс бере алады

Қазақстандықтар президент сайлауы өтетін күні шетелде дауыс бере алады

20 қарашада әлемнің 53 елінде 68 сайлау учаскесі ашылады. Бұл белгілі себептермен сайлау күні шетелде болатын отандастарға қатысты. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі азаматтардың Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне хабарласып, өкілділік жанынан құрылған сайлау учаскесіне бара алатынын мәлімдеді. Шетелдік өкілдіктерде дауыс беру сайлау күні – 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі алдын ала жақын жердегі сайлау учаскесіне хабарласып, тізімдерге енгізу үшін мәліметтер беруді сұрайды.

Асан Мажитов, № 286 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары:

Түркия республикасында 3 сайлау учаскесі ашылады. Анкара, Стамбул және анталия қалаларында. Бұл учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат таңғы 7-ден кешікі 8-ге дейін жұмыс істейді. Азаматтарымыз Түркияда жүрген дауыстарын осы учаскелерде бере алатын болады.