Жасанды интеллекті университеті ашылады

Жасанды интеллекті университеті ашылады

Қазақстанда жасанды интеллектіге маманданған жаңа зерттеу университеті ашылады. Әрі оған арнайы статус беріледі. Ал Үкімет жасанды интеллект негізінде  ұлттық онлайн-платформа әзірлейді. Сол арқылы жұмыссыз қалған мамандарды болашақта сұранысқа ие болатын кәсіпке бейімдейді. Бұл мәселелер бүгін Президенттің қатысуымен аталған саланы дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында айтылды. Іс-шараға тек еліміздің ғана емес, әлемнің үздік университеттері мен компанияларынан халықаралық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.