Президент: «Бірінші атом электр станциясын салу – ауқымды жұмыстың басы ғана»

Президент: «Бірінші атом электр станциясын салу – ауқымды жұмыстың басы ғана»

Табиғи байлығымызды, яғни уранды талан-таражға салуға болмайды. Бүгін Президент Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар аса маңызды мәселелерге назар аударды. Қазақстан – уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы мемлекеттің бірі. Енді бұрын экспортқа ғана кетіп жатқан бұл байлық ішкі нарықтың қажетіне жарайды. Ал, еліміз бір атом электр станциясымен шектеліп қалмай, екінші, үшінші атом станциясын салады. Алайда ғалымдардың көмегі мен тың технологиясыз бұл міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Қазіргі әлеуетіміз қандай? Қордаланған түйткілдер қалай шешіледі?